«Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 676 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген, 2013 жылғы 23 ақпандағы № 74 (28013) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
тақырыбы мына редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы».