«Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтер бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 4-4/258 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 142 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтер бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 4-4/258 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11706 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтер бағалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.