«Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 тамыздағы № 904 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10813 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларында:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мүлікті одан әрі пайдалану туралы шешімді уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган қабылдайды.
Осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген мүлікті қоспағанда, тізілімге енгізілетін мүлік оны сатуға дейін веб-портал арқылы мемлекеттік заңды тұлғаларға, олардың теңгеріміне беру үшін ұсынылуға жатады.
Мемлекеттік заңды тұлғаларға ұсынғанға дейін уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган тізілімге мынадай құжаттардың:
1) мүліктің құнын бағалау туралы есептің;
2) жекелеген файлдармен енгізілетін мүліктің әрбір түрі бойынша суреттердің, ал жылжымайтын мүлік пен көлік құралы үшін әртүрлі жағынан түсірілген кемінде бес суреттің электрондық көшірмелерін тізілімге енгізуді қамтамасыз етеді.
Үлес меншігіндегі мүлікті сатушы сауда-саттыққа шығару алдында нарықтық құны бойынша үлес меншігінің қалған қатысушыларына ұсынады.