«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібінде әкімшілік айыппұл төлеу туралы түбіртек нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 373 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2026 жылғы 1 қыркүйектегі № 593 бұйрығы

 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібінде әкімшілік айыппұл төлеу туралы түбіртек нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 373 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2026 жылғы 1 қыркүйектегі № 593 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібінде әкімшілік айыппұл төлеу туралы түбіртек нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 373 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9748 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібінде әкімшілік айыппұл төлеу туралы түбіртек нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Қаржы министрінің м.а.

 

М. Такиев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық қауіпсіздік комитеті

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрлігі

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрінің м.а.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.