«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 10 наурыздағы № 74 және «Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды тұлғалар лауазымдарының тізбесін, нысанды киім (погонсыз) киіп жүру қағидаларын, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін бекіту туралы» 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 775 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 21 шілдедегі № 139 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің «Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды тұлғалар лауазымдарының тізбесін, нысанды киім (погонсыз) киіп жүру қағидаларын, нысанды киім (погонсыз) қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 775 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 желтоқсанда № 31287 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды тұлғалар лауазымдарының тізбесін, нысанды киім (погонсыз) киіп жүру қағидаларында, нысанды киім (погонсыз) үлгілерінде:
5, 6 және 7-тармақтарына мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Комитеттің аумақтық органдары басшыларының орынбасарлары болып табылатын астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың Бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары.
6. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары:
Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің басшылары;
Комитеттің аумақтық органдарының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімдерінің басшылары болып табылады.
«7. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың мемлекеттік экологиялық инспекторлары: