(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ДӘРIГЕРДIҢ ҚАБЫЛДАУЫНА ЖАЗЫЛУ» МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛ...

Осы редакция 2016 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2015 жылғы 4 тамыздағы

№ 200 қаулысымен бекітілген

 

 

 «Дәрiгердiң қабылдауына жазылу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентi

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін(бұдан әрі - МСАК) мемлекеттік қызмет «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Дәрігердің қабылдауына жазылу» стандартына (Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 маусымда № 11304 тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші (тікелей немесе көрсетілетін қызметті алушының телефоны бойынша өтініш берген кезде);

2) www.egov.kz  «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).

4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

1) тікелей немесе телефон арқылы жүгінген жағдайда,көрсетілетін қызмет берушінің дәрігердің қабылдауына жазылу журналында жазу (бұдан әрі - журнал) және одан кейін дәрігерлердің қабылдау кестесіне (бұдан әрі - кесте) сәйкес дәрігердің қабылдайтын күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру немесе мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруден дәлелді бас тарту;

2) порталға электрондық форматта жүгінген кезде -өтініш көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне электронды түрде хабарлама жіберіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.