Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 Қаулысы
(2020.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) басым жобаларға кредит беру тетігі;
2) Ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету жөніндегі жол картасы (бұдан әрі - Жол картасы) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісім бойынша) Жол картасында көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жарты жылдық негізде есепті айдан кейінгі айдың 30-күніне қарай Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жол картасының 4-тармағын қоспағанда, Жол картасы іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2019.28.06. № 459 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.31.12. № 1061 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тетігі жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 820 қаулысымен
бекітілген
Басым жобаларға кредит беру тетігі
ҚР Үкіметінің 2020.20.04. № 225 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.01.10. № 628 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қызметін өңдеу өнеркәсібінде және агроөнеркәсіптік кешенде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі - ЖКС) қолдау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2018 - 2021 жылдары екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі - ЕДБ) және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (бұдан әрі - АНК) қаржыландыруының жалпы көлемі 1 трлн теңгеге дейін құрайды.
«Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - ҚДБ) жобалары ҚДБ-ның өз қаражаты (нарықтық қорландыру) есебінен ғана қаржыландырылады.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.