«Өскемен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 14/3-VIII «Өскемен қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 15/2-VIII шешімі

Өскемен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 14/3-VIII «Өскемен қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 15/2-VIII шешімі

 

Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Өскемен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 14/3-VIII «Өскемен қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 191729 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған қаланың бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес тиісінше, соның ішінде 2024 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 85 560 392,0 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер - 53 490 269,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 236 996,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 7 835 831,0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері - 23 997 296,0 мың теңге;

2) шығындар - 77 467 168,4 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 0,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 443 950,0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 443 950,0 мың теңге;

мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -7 649 273,6 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 7 649 273,6 мың теңге;

қарыздар түсімі - 0,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 7 970 217,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 320 943,4 мың теңге.»;

3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«3. Өскемен қаласының 2024 жылға арналған жергілікті атқарушы органының резерві 366 162,4 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.