«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 825 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 836 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 168-бабының 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 825 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен қайта бекітілген 2025-2027 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бюджеттік бағдарламалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Бюджеттік бағдарламалардың жетекшілері нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізе отырып, бағдарламаларды іске асыру бойынша іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Жоспарлау және бухгалтерлік есеп департаментіне (А. Байгужина) жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
217-Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
2025 - 2027 жылдарға арналған
Бюджеттік бағдарламаның коды мен атауы: 001 «Бюджеттік жоспарлауды, мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және орындалуын қамтамасыз ету».
Бюджеттік бағдарламаның басшысы: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі аппарат басшысы - Э.Б. Ержанов.