«Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 42/477-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 19/148-VІІІ шешімі
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 42/477-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7751 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы | Д. Рыпаков |
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2024 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 19/148-VІІІ шешіміне
қосымша
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2020 жылғы 9 қазандағы
№ 42/477-VI шешіміне
қосымша
Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 2-тармағының 12-14) тармақшасына, «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20540 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: