(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БІРІНШІ БАСШЫЛАР...

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 11 қарашадағы № 559 бұйрығы

 

Осы редакция 2022 жылғы 12 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі

2021 жылғы 11 қарашадағы

№ 559 бұйрығымен бекітілген

 

 

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 35-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын (бұдан әрі – бірінші басшылар) ротациялауды жүргізу тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.