«Жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалатын шығыстарды растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 162 бұйрығы (күші жойылды)

Жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалатын шығыстарды растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 162 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 586 бұйрығымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күшi жойылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 112-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалатын шығыстарды растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалатын шығыстарды растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанын жасау қағидалары бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін жеке тұлға алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларды өтеуге жұмсалған шығыстарды растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талаптарының нысанын және оны толтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 22 шілдедегі № 389 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14175 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 5 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.