«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві мен оның аумақтық бөлімшелерінің шегінде мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 256 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 884 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві мен оның аумақтық бөлімшелерінің шегінде мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 256 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20270 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністері шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністері шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін анықтайды.»;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) арнаулы мемлекеттік архив - «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының архив мекемесі немесе бөлімшесі;»;