Ақын, жыршы, термешілердің Республикалық Одағына аударым жасау туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 ж. 16 қазандағы № 869 қаулысы (күші жойылды)

Ақын, жыршы, термешiлердiң Республикалық Одағына аударым жасау
туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
1992 ж. 16 қазандағы № 869 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2005.03.08. № 810 Қаулысымен күші жойылды

 

Әуесқой ақын, жыршы, термешiлердi әлеуметтiк қорғау және ақын, жыршы, термешiлердiң Республикалық Одағының, материалдық базасын нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

Ақындар айтысын, жыршы мен термешiлердiң концертiн өткiзетiн кәсiпорындар, қоғамдар мен мекемелер айтыс пен концерт үшiн өздерiне түскен сомадан немесе шарт бойынша алынған сомадан ақын, жыршы, термешiлердiң Республикалық Одағына 2 процент мөлшерiнде аударым жасайтын болып белгiленсiн.

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрi