Халықаралық «ТАИМ» қаржы корпорациясы туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 30 қарашадағы № 1010 қаулысы

Халықаралық «ТАИМ» қаржы корпорациясы туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы
30 қарашадағы № 1010 қаулысы

 

Экономикалық реформа жүргiзу кезеңiндегi Халықаралық «ТАИМ» қаржы корпорациясының мақсаттары мен мiндеттерiнiң әлеуметтiк бағытын ескерiп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Халықаралық «ТАИМ» қаржы корпорациясын құру мен оның қызметiнiң негiзгi бағыттары мақұлдансын.

Аталған корпорацияның қызметi өзiн-өзi қаржыландыру және өзiн-өзi өтеу принципiнде мемлекеттiң қаржы қаражатын тартусыз жүзеге асырылады.

2. Халықаралық «ТАИМ» қаржы корпорациясының құрамында «ТАИМ-Банк» акционерлік банкінің негiзiнде белгiленген тәртiппен құрылған Қазақстанның әлеуметтiк даму Халықаралық қоры мен Халықаралық «ҚазТАИМ-Банк» қазақстандық банкінің жұмыс iстейтiнi еске алынсын.

3. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi әлеуметтiк, сыртқы экономикалық, ғылыми-техникалық және инвестициялық корпорациясына жәрдем және практикалық көмек көрсетсiн.

Қазақстан Республикасы

Премьер-министрiнiң

бiрiншi орынбасары