«Ақиқат» және «Мысль» журналдары туралы Қазақстан Республикасы министрлер кабинетінің 13 сәуір 1994 ж. № 380 қаулысы (күші жойылды)

"Ақиқат" және "Мысль" журналдары туралы Қазақстан Республикасы
министрлер кабинетінің 1994 ж. 13 сәуiрдегі  № 380 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2005.22.06 № 611 Қаулысымен  күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. "Ақиқат" және "Мысль" журналдары редакцияларының өздерiне құрылтайшы болуды сұраған ұсыныстары қабылдансын.

2. "Ақиқат" және "Мысль" журналдары Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігі арқылы қаржыландырылсын.

3. С. Ақтаев "Ақиқат" журналының, Г.М. Шестаков "Мысль" журналының бас редакторлары болып бекітілсiн.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрi