Қазақстан Республикасының Халықтың банкi мен "Тұранбанктiң" Қазақстан-Голландия
бiрлескен "Almaty Merchant Bank" банкiн құруға
қатысуы туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
Қаулысы 1993 жылғы 13 шiлде № 957
Жарғылық қоры екi миллион АҚШ доллары болатын Қазақстан-Голландия бiрлескен "Almaty Merchant Bank" банкінің құрылуына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасының Халықтық банкiне және "Тұранбанкке" құрылатын банктiң жарғылық қорынан 10 проценттен үлес иемдене отырып Қазақстан-Голландия бiрлескен "Almaty Merchant Bank" банкінің құрылтайшылар құрамына кiруге рұқсат етiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi