Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылған деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1996 жылғы 3 мамырдағы № 551

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылған
деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Қаулысы
1996 жылғы 3 мамырдағы № 551

"Бухгалтерлiк есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2732 Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

"Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлiк есеп пен есеп беру туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 22 желтоқсандағы № 1068 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 49, 717-бап).

"Қазақстан Республикасындағы Бухгалтерлiк есеп пен есеп беру туралы Ережеге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 24 ақпандағы № 213 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 12, 108-бап) күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi