Ақмола қаласында 240 орындық аурухана кешенiн салу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң Қаулысы 1996 жылғы 24 маусым
№ 771
Ақмола қаласында қазiргi заманғы емдеу-диагностика базасының жоқ екенiн ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінiң Ақмола қаласында 240 орындық аурухана кешенiн салу қажеттiгi туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі аурухана кешенiн салу жобасын 1997 жылы Қазақстан Республикасының кепiлдiгiне берiлетiн шетелдiк кредиттер есебiнен және халықаралық қаржы ұйымдарының займдары есебiнен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар тiзбесiне енгiзсiн.
3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігіне, Қаржы министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігіне Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттік органдарды Ақмола қаласына көшiру жөніндегі мемлекеттік комиссиясымен, бiрлесiп, шетелдiк компаниялар мен фирмаларды қатыстыра отырып Ақмола қаласында 240 орындық аурухана кешенiнiң құрылысын инвестициялау, жобалау және салу құқығына тендерлiк саудаластық өткізу тапсырылсын.
4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, Қаржы министрлігі мен мемлекеттік Экспорт-импорт банкi өткiзiлген саудаластықты ескере отырып, кредит алу, оны өтеу шарттарын қарап тиiстi қорытындылар беретiн болсын.
5. Ақмола қаласының әкімі тендер аяқталған соң 240 орындық аурухана кешенiн салуға белгiленген тәртiппен жер учаскесiн бөлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi