Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 23 қарашадағы N
1590 қаулысына өзгерту енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң қаулысы 1996 жылғы 6 тамыз № 971
Қазақстан Республикасы Дәрменсiз кәсiпорындарды санациялау және тарату туралы ведомствоаралық комиссиясының 1996 жылғы 17 мамырдағы шешiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
"Дәрменсiз кәсiпорындарды тарату жөніндегі шараларды жүзеге асыру жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 23 қарашадағы № 1590 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 36, 463-бап) мынадай өзгерту енгiзiлсiн:
Солтүстiк Қазақстан облысының "Петропавловскнефтегазстрой" акционерлік қоғамы алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi