«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 мамырдағы № 652 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 22 тамыздағы № 1045 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 28 мамырдағы № 652
қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 22 тамыздағы № 1045 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

«Директивтiк кредиттер және өзара қарызды iшкiреспубликалық есептеу нәтижесi бойынша берiлген кредиттер жөніндегі заңды тұлғалардың берешектерiн сату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 28 мамырдағы № 652 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 24, 207-бап) бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөніндегі агенттiк арқылы заңды тұлғалардың директивтiк кредиттер және өзара қарызды iшкiреспубликалық есептеу нәтижесi бойынша берiлген кредиттер жөніндегі берешектерiн сатуға әзiрлеу тәртібіне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

мынадай мазмұндағы III тараумен толықтырылсын:

«III. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару

жөніндегі мемлекеттік комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта

ұйымдастыру жөніндегі агенттiк саудаластығына қойылған заңды

тұлғалардың есептеу тәртібі

4. Заңды тұлғалардың директивтiк кредиттер және өзара қарыздарды iшкiреспубликалық есептесу нәтижесi бойынша берiлген кредиттер жөніндегі талап қоюға ұсынылған берешектер көлемi кредиттiк шарттарға сәйкес есептеледi.

5. Заңды тұлғалардың Агенттiк саудаластығына қойылған директивтiк кредиттер жөніндегі берешектер көлемi негiзгi қарыздар мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң арнаулы қарыз шотына дебеттелген проценттер сомасынан, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қолданылып жүрген қайта қаржыландыру ставкасы бойынша дебеттелген негiзгi қарыз сомасына қосымша проценттен құралады.

6. Агенттiк саудаластығына қойылған өзара қарыздардың iшкiреспубликалық есебiнiң нәтижелерi бойынша берiлген кредиттер бойынша заңды тұлғалардың берешектерiнiң көлемi аталған кезеңде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолданылып жүрген қайта қаржыландыру ставкалары бойынша есептелген негiзгi қарыз бен проценттердiң сомасынан қалыптасады, бұған баланстан тыс есепке жатқызылған сәттен бастағандағы жылдық проценттердiң 20 процентi қосылады.

7. Есептесулер 1996 жылғы 15 қыркүйектегi жағдай бойынша әзiрленедi».

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi