Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 10 наурыздағы № 231 қаулысына өзгерту енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1996 жылғы 16 қыркүйек № 1122

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 10 наурыздағы
№ 231 қаулысына өзгерту енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң Қаулысы 1996 жылғы 16 қыркүйек № 1122

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң мекемелерi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары мен штат саны туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 10 наурыздағы № 231 қаулысына қосымшаға мынадай өзгерту енгiзiлсiн:

"Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшiлiгi" деген жолдағы "1700" саны "2300" санымен ауыстырылсын".

2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі мен Қаржы министрлігі бұрын қабылданған шешiмдi осы қаулыға сәйкестендiрсiн.

     3. Осы қаулы 1996 жылдың 1 қыркүйегiнен бастап күшiне енедi.
 
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi