Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 мамырдағы № 656 қаулысына өзгерту енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1996 жылғы 19 қыркүйек № 1145

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 мамырдағы
№ 656 қаулысына өзгерту енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң Қаулысы 1996 жылғы 19 қыркүйек № 1145

Қазақстан Республикасының Үкіметі Төралқасы мәжілісiнiң 1996 жылғы 8 тамыздағы шешiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. "Төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкiне беру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 мамырдағы № 656 қаулысының қосымшасына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 17, 194-құжат) мынадай өзгерту енгiзiлсiн:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкiне берiлген төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындардың тiзбесiнен мыналар алынып тасталсын:

     "Фосфохим" АҚ, Ақтөбе облысы;

"Петропавл шағын литражды двигательдер зауыты" АҚ, Солтүстiк Қазақстан облысы.

2-тармақ.

     ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың күшi жойылған - ҚРҮ-нiң 1996.10.30.
              № 1309 қаулысымен. 

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi, Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкiмен бiрлесiп мынадай акционерлік қоғамдарды жекешелендiру жөніндегі жұмысты жеделдетсiн:

     "Актюбрентген" АҚ, Ақтөбе облысы
     "Химпром" АҚ, Павлодар облысы
     "Аспап жасау зауыты" АҚ, Көкшетау облысы

"Петропавл электроқшауландыру материалдары зауыты" АҚ, Солтүстiк Қазақстан облысы.

4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Г.Г. Штойкке жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi