Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 12 тамыздағы № 997
қаулысына өзгертулер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң Қаулысы 1996 жылғы 23 қыркүйек № 1160
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
"Халықаралық Валюта Қоры мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкінің жылдық жиналысына қатысу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 12 тамыздағы № 997 қаулысына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы О.А.Жандосов - Қазақстан Республикасы Үкіметі делегациясының басшысы болып тағайындалсын;
делегация құрамына В.В.Соболев, А.С.Павлов, Ө.Е.Шүкеев шығарылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi