Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 қыркүйектегі № 1227 қаулысына өзгертулер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1996 жылғы 1 қазан № 1201

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 қыркүйектегi
№ 1227 қаулысына өзгертулер енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң Қаулысы 1996 жылғы 1 қазан № 1201

Қазақстан Республикасының дәрменсiз кәсiпорындарын санациялау және тарату жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 1996 жылғы 5 қыркүйектегi № 8 шешiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы Етедi:

1. Таратуға ұсынылған, төлем жасау қабiлетi жоқ кәсiпорындардың iшiнен Атырау облысының "Атырауавтокөлiк" және "Металбұйымдары зауыты" акционерлік қоғамдары алынып тасталсын.

2. "Дәрменсiз кәсiпорындарды қаржылық-экономикалық сауықтыруға және таратуға байланысты iс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 қыркүйектегi № 1227 қаулысына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:

1-тармақтағы "Атырауавтокөлiк" акционерлік қоғамы-Атырау облысы; "Метал бұйымдары зауыты" акционерлік қоғамы Атырау облысы;" деген сөздер алынып тасталсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi