Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 11 сәуірдегі № 430
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң Қаулысы 1996 жылғы 30 қазан № 1314
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
"1996 жылға арналған республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік органдардың шектi шығыстары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 11 сәуірдегі № 430 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
аталған қаулыға 2-қосымшада "Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы" жол бойынша "Орталық аппарат" бағанында "55850" саны "50850" санымен ауыстырылсын, "Жергiлiктi органдар" бағанында "583088" саны "433088" санымен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары