Қазақстан Республикасының білім және мәдениет мекемелеріне есімдер беру және оларды қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1996 жылғы 1 қараша № 1346

Қазақстан Республикасының білім және мәдениет мекемелерiне есiмдер
беру және оларды қайта атау туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң Қаулысы 1996 жылғы 1 қараша № 1346

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстiк Қазақстан, Павлодар, Талдықорған, Торғай облыстары әкiмдерiнiң Қазақстан Республикасының Бiлiм және Мәдениет министрлiктерiмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясымен келісілген:

     а) мына білім және мәдениет мекемелерiне:
 
                   Ақтөбе облысы бойынша
 

Байғанин ауданындағы Жаңажол орта мектебiне - белгiлi ақын Сағи Жиенбаевтың;

Байғанин ауданының аудандық балалар музыка мектебiне - белгiлi ақын, сазгер Бәкiр Тәжiбаевтың;

Шалқар ауданының аудандық балалар музыка мектебiне - белгiлi күйшi-сазгер Қазанғап Тiлепбергенұлының;

Шалқар ауданындағы Дамбар орта мектебiне - Югославиядағы Қарсыласу қозғалысының белсендi мүшелерiнiң бiрi, халыққа білім беру iсiнiң ардагерi Төлтай Шановтың;

                   Алматы облысы бойынша
 

Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш орта мектебiне - белгiлi жазушы Сейдахмет Бердiқұловтың;

Қаскелең ауданындағы № 11 кәсiптiк-техникалық училищеге - қоғам қайраткерi Сынжар Жандосовтың;

Райымбек ауданындағы Нарынқол орта мектебiне - белгiлi журналист-жазушы, аудармашы Тельман Жанұзақовтың;

     Талғар қаласындағы № 16 орта мектепке - Жамбыл Жабаевтың;
 
                   Атырау облысы бойынша
 

Қызылқоға ауданындағы № 20 Миялы орта мектебiне - белгiлi ақын, жазушы Берқайыр Аманшиннiң;

Мақат ауданындағы № 86 орта мектепке - Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мұғалiмi, белгiлi педагог Хамза Санбаевтың;

                   Қостанай облысы бойынша
 

Комсомол ауданы Комсомол поселкесiндегi № 2 орта мектепке - ұлы ойшыл және ағартушы Абай Құнанбаевтың;

                   Қызылорда облысы бойынша
 

Қазалы ауданындағы № 88 орта мектепке - белгiлi жазушы, журналист, Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мәдениет қызметкерi Байжiгiт Әбдiразақовтың;

                   Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша
 

Киров ауданындағы жаңа орталау мектепке - Ұлы Отан соғысындағы жеңiстiң 50 жылдығына орай "Жеңiстiң 50 жылдығы" атауы;

Сарыағаш ауданының Тегiсшiл селолық әкiмшiлiгiндегi № 68 жаңа орталау мектепке - ғалым, еңбек сiңiрген мәдениет қызметкерi Қален Тоқмұхамедовтың;

                   Павлодар облысы бойынша
 

Павлодар педагогикалық колледжiне - белгiлi педагог, Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мұғалiмi Бейсен Ахметовтың;

                   Талдықорған облысы бойынша
 

Облыстық "Жастардың жетiстiгi" гимназия-интернатына - белгiлi ғалым, профессор Мұхтар Арыновтың;

Облыстық басқару негiзi орта мектебiне - белгiлi ғалым, профессор Жомарт Жапаровтың;

                   Шығыс Қазақстан облысы бойынша
 

Таврия ауданындағы Донской орта мектебiне - Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровтың;

Тарбағатай ауданындағы Ақжар орта мектебiне - белгiлi педагог Қыдырбек Бiләловтың есiмдерiн беру туралы;

     б) мына білім және мәдениет мекемелерiнiң атауларын:
 
                   Алматы облысы бойынша
 

Шелек ауданындағы Октябрьдiң 50 жылдығы атындағы орта мектептi - Кеңес Одағының Батыры Петр Вихрев атындағы орта мектеп;

                   Қызылорда облысы бойынша
 

Сырдария ауданындағы Ленин атындағы № 42 орта мектептi - халық ақыны Қуаныш Баймағамбетов атындағы орта мектеп;

Тереңөзек ауданындағы № 129 "Қызылту" орта мектебiн - белгiлi ақын және аудармашы Әбiраш Жәмiшев атындағы орта мектеп;

                   Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша
 

Түлкiбас ауданындағы "Ванновка" балалар санаторийiн - тиiсiнше тарихи-географиялық атауымен "Ақбұлақ" балалар санаторийi;

Киров ауданындағы "Целина" орта мектебiн - осы мектептiң негiзiн қалаған, ауыл шаруашылығының еңбек сiңiрген қызметкерi және көрнектi басшы Жолдасбек Сүлейменов атындағы орта мектеп деп өзгерту туралы ұсыныстары қабылдансын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi