Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 17 қазандағы № 1279 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1996 жылғы 7 қараша № 1355

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 17 қазандағы № 1279
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң Қаулысы 1996 жылғы 7 қараша № 1355

     Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

"Павлодарэнерго" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының құрылымдық бөлiмшелерiн қайта жаңғырту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 17 қазандағы № 1279 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

     1-тармақтың төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"Павлодар облысының әкіміне құрылған акционерлік қоғамдардың акцияларының мемлекеттік пакеттерi иелену, басқару, пайдалану және билiк ету құқығында берiлсiн";

     2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiне жүктелсiн".

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi