Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 мамырдағы № 654 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1996 жылғы 6 желтоқсан № 1497

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 28 мамырдағы № 654
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң Қаулысы 1996 жылғы 6 желтоқсан № 1497

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

"Жүзеге асырылатын экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 28 мамырдағы № 654 қаулысының 1-қосымшасына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 25, 209-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн.

Жүзеге асырылатын экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясын ұйымдастыру жөніндегі Қазақстан Республикасының ведомствоаралық комиссиясының төрағасы болып - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.Т. Дүйсенов тағайындалсын.

     В.В. Соболев аталған комиссиясының құрамынан шығарылсын.
 
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi