Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 8 қарашадағы № 1362
қаулысына өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң Қаулысы 1996 жылғы 14 желтоқсан № 1540
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
"Бюджеттік қарыздар бойынша есептеме жүргiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 8 қарашадағы № 1362 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
Үшiншi абзацтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі осы есеп жүргiзуден туындайтын Торғай облысының жергiлiктi бюджеттерiмен мемлекеттік мiндеттемелердi орындау үшiн республикалық бюджетте 1996 жылға арнап көзделген қаражаттар есебiнен өзара есеп айырысуды реттесiн".
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi