Демалыс күнiн көшiру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
Қаулысы 1996 жылғы 21 желтоқсан № 1578
1997 жылғы қаңтар айында еңбекшiлердiң демалысына қолайлы жағдай жасау және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. 1997 жылдың 5 қаңтары жексенбiдегi демалыс күнi 1997 жылғы 3 қаңтардағы жұмаға көшiрiлсiн.
2. Қажеттi өнiм шығаруға, сондай-ақ құрылыс объектiлерiн iске қосуға арналған еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етiлген ұйымдарға кәсiподақ комитетiнiң келісімiмен 1997 жылдың 3 қаңтарында жұмыс жүргiзу құқығы берiлсiн.
Аталған күнгi жұмыс үшiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өтем жасалады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi