Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 22 қарашадағы N
1430 және 1997 жылғы 10 ақпандағы № 189 қаулыларына өзгерістер
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы
1997 жыл 21 ақпандағы № 0248
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1. "Реформаларды тереңдету және Қазақстан Республикасының уран өнеркәсiбi мен атом энергетикасын одан әрi дамыту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 22 қарашадағы № 1430 қаулысына:
1-тармақтың соңғы абзацындағы "Қазкоммерцбанк" ашық акционерлік қоғамы" деген сөздер "Қазақстанның Акционерлік Халықтық Жинақ Банкi" деген сөздермен ауыстырылсын;
аталған қаулының қосымшасына:
Қазақстанның Халықтық Банкi басқармасының төрағасы - З.Х.Кәкiмжанов комиссия құрамына енгiзiлсiн.
Е.Д.Фельд аталған құрамнан шығарылсын.
2. "Реформаларды тереңдету және Қазақстан Республикасының уран өнеркәсiбi мен атом энергетикасын одан әрi дамыту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 10 ақпандағы № 189 қаулысына:
2-тармақтың үшiншi абзацындағы "Қазатомөнеркәсiбi" акционерлік қоғамына" және "Қазкоммерцбанк" акционерлік қоғамының" деген сөздер "Қазатомөнеркәсiбi" акционерлік қоғамы және Қазақстанның Акционерлік Халықтық Жинақ Банкi" деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi