Қазақ мемлекеттік циркі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1997 жылғы 18 сәуір № 18

Қазақ мемлекеттік циркi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
Қаулысы 1997 жылғы 18 сәуiр № 18

"Мемлекеттік кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығына сәйкес цирк өнерiн одан әрi дамыту үшiн жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. "Қазақ мемлекеттік циркi" қазыналық кәсiпорны "Астана холдинг" компаниясының басқарушысына мүлiктiк кешен ретiнде жиырма жылдық мерзiмге жалға берiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару департаментi он күндiк мерзiм iшiнде "Астана холдинг" компаниясының басқарушысымен, негiзiнен қазыналық кәсiпорын қызметiнiң бейiнiн сақтау жөніндегі жалға алушының мiндетiн ескере отырып тиiстi жалға беру шартын жасасын, осы қаулының орындалуы бойынша өзге де қажеттi шаралар қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Білім және мәдениет министрi И.Н. Тасмағамбетовке жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi