1990 жылғы 19 қарашада Еуропадағы жай қарулы күштер туралы шартқа қатысушы-мемлекеттермен келісілген Құжатты мақұлдау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1997 жылғы 14 мамыр № 833

1990 жылғы 19 қарашада Еуропадағы жай қарулы күштер туралы шартқа
қатысушы-мемлекеттермен келісілген Құжатты мақұлдау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Қаулысы 1997 жылғы 14
мамыр № 833

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. 1990 жылғы 19 қарашада Еуропадағы жай қарулы күштер туралы шартқа қатысушы-мемлекеттермен келісілген Құжат (Еуропадағы жай қарулы күштер турал ышарттың және Жеке құрам саны туралы келiссөздердiң Қорытынды Актiсiнiң қолданылуын қарау жөніндегі бiрiншi Конференцияның Қорытынды Құжатына А Қосымша, Вена, 1996 ж., 15-31 мамыр) мақұлдасын.

2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Еуропадағы жай қарулы күштер туралы шарттың депозитарийiне тиiстi мәлiмдеме жолдасын.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi