Павлодар облысының Ақсу және Екібастұз қалаларының шекараларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1997 жылғы 16 мамыр № 845

Павлодар облысының Ақсу және Екiбастұз қалаларының шекараларын
өзгерту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Қаулысы
1997 жылғы 16 мамыр № 845

"Павлодар облысының Ақсу және Екiбастұз аудандарын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 7 мамырдағы № 3490 Жарлығын орындау үшiн және "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңның (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 23-24, 507-құжат) 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

     таратылған Ақсу ауданының аумағын қоса отырып, Ақсу қаласының;

таратылған Екiбастұз ауданының аумағын қоса отырып, Екiбастұз қаласының шекаралары өзгертiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi