"Алатау" АҚ Алматы мамандандырылған конструкторлық бюросы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Қаулысы 1997 жылғы 20
мамыр № 854
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. "Алатау" АҚ Алматы мамандандырылған конструкторлық бюросының мүлiктiк кешенi туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң 1996 жылғы 1 қарашадағы № 715 қаулысында жазылған шешiмiне келісім берiлсiн.
2. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару департаментiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi