«Алатау» Санаторийі» акционерлік қоғамын жекешелендіруді аяқтау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1997 жылғы 10 шілдедегі № 1092

"Алатау" Санаторийi" акционерлік қоғамын жекешелендiрудi аяқтау
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы 1997 жылғы
10 шiлдедегi № 1092

"Алатау" Санаторийi" акционерлік қоғамын жекешелендiрудi аяқтау және халыққа көрсетiлген емдеу-сауықтыру қызметiнiң аясын жетiлдiру мен кеңейтуге бағытталған инвестицияларды тарту, сондай-ақ елдiң курорттық-санаторийлық индустриясын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару департаментi "Алатау" санаторийi" акционерлік қоғамы акцияларының қалған акцияларының мемлекеттік пакетiн (34,5 процент) кейiн сату үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Жекешелендiру жөніндегі департаментiне берсiн.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Жекешелендiру жөніндегі департаментi "Алатау" Санаторийi" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетiн сатуды заңда белгiленген тәртiппен осы акционерлік қоғам акцияларының 51 процентiн сату кезiнде сатып алушымен 1997 жылдың 30 сәуiрiнде жасалған № 04-027-97 келісім-шарттың ережелерiн ескере отырып жүзеге асырады.


     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрінің
        бiрiншi орынбасары