«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1997 жылғы 11 тамыздағы № 1245

"Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң сот сараптамасы
орталығы" мемлекеттік мекемесiн құру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң қаулысы 1997 жылғы 11 тамыздағы № 1245

"Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары жүйесiн одан әрi реформалау шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі № 3465 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң жанынан Қазақ сот сараптамалары ғылыми-зерттеу институтының негiзiнде, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігінен 400 адам, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнен 5 адам, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінен 4 адам, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеден комитетiнен 5 адам штаттарын беру есебiнен "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Сот сараптамасы орталығы" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.

2. Құрылып отырған мекемеге қатысты уәкiлеттi мемлекеттік басқару органы болып Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі белгiленсiн.

3. Уәкiлеттi орган 1997 жылдың 15 тамызына дейiн Мекеменiң Жарғысын бекiтсiн.

4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1997 жылдың 15 тамызына дейiн 1997 жылға арналған республикалық бюджет бойынша Қазақ сот сараптамалары ғылыми-зерттеу институтын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне берiлуiне байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Iшкi iстер министрлігінiң, Қорғаныс министрлігінiң, Мемлекеттік комитетiнiң сараптама-криминалистика бөлiмшелерiн қаржыландыруға көзделген бюджет қаржысын қайта бөлу туралы ұсыныс енгiзсiн.

5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару департаментi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлестiктердiң әкiмдерiмен бiрлесе отырып, бiр ай мерзiмде Мекеменi және оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерiн нормативтерге сәйкес техникамен, көлiкпен, байланыс құралдарымен және қызметтiк үй-жайлармен қамтамасыз етсiн.

6. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттiгi Мекеменi белгiленген тәртiппен тiркеуден өткiзсiн.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi