Ақмола қаласына көшіру туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 1996 жылғы 27 наурыздағы № 139

Ақмола қаласына көшiру туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
өкімі 1996 жылғы 27 наурыздағы № 139

"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Аппаратына әкiмшiлiк үйлерiн, мейманханаларды иелену, пайдалану және иелiк ету құқықтарымен беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 8 қаңтардағы № 28 қаулысына сәйкес Алматы қаласының Фурманов көшесіндегі 50-үйіндегі жалпы алаңы 540 шаршы метр "Легпром" ГТЗО әкiмшiлiк үй-жайына (бесiншi қабат) Қазақстан Республикасының Жоғарғы және орталық мемлекеттік органдарын Ақмола қаласына көшiру жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының Аппараты орналастырылсын.

Премьер-Министр