Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 10 қаңтардағы N
40 қаулысына өзгертулер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң қаулысы 1997 жылғы 17 қазандағы № 1445
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
"Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында 1997 жылы балық аулау және теңiз аңдарын (итбалық) аулаудың көлемiн (лимитiн) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 10 қаңтардағы № 40 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
"оның iшiнде: Жайық өзенi сағалық
кеңiстiгiмен
олардан:
iрi балық (сазан, табан, көксерке,
ақмарқа)"
деген жолдардың 2-бағанындағы "9100" деген сан "11600" деген санмен ауыстырылсын;
"сағалық кеңiстiгiмен Қиғаш өзенi
олардан:
iрi балық (табан, көксерке, ақмарқа)" деген жолдың 2-бағанындағы "3850" деген сан" 4350" деген санмен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi