Ұлттық аэроғарыш агенттiгiне қаржы бөлу туралы Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Өкімі 1996 жылғы 11 қыркүйек N
428-ө
Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі-Ғылым академиясы жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттiгiне "Алматы Аэроспейс-96" халықаралық авиация-ғарыш көрмесiн өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 13 қаңтардағы № 50 қаулысына сәйкес ұйымдастыру шараларын өткізу үшiн 1996 жылға арналған республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру ставкасы бойынша төлеудi ескере отырып, оны 1996 жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей өтеу шартымен 2 (екi) млн. теңге бюджеттік несие бөлiнсiн.
Премьер-Министр