Жеке жобалар бойынша жекешелендірілген объектілерді сату туралы әлеуетті шетел инвесторларын дер кезінде хабардар ету туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1996 жылғы 27 қыркүйек № 454-ө

Жеке жобалар бойынша жекешелендiрiлген объектiлердi сату туралы
әлеуеттi шетел инвесторларын дер кезiнде хабардар ету туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1996 жылғы
27 қыркүйек № 454-ө

Жеке жобалар бойынша жекешелендiрiлген объектiлердi сату туралы әлеуеттi шетел инвесторларын дер кезiнде хабардар ету мақсатында:

1. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетi бұқаралық ақпарат құралдарында тендерлiк шарттарды жариялаумен бiрге сату шарттары туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігіне жiберсiн және оларды "Интернет" жүйесi бойынша берсiн.

2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Қазақстан Республикасының елшiлiгiнен және шетел өкiлдерiнен, сондай-ақ республикада тiркелген шетел мемлекеттерiнiң елшiлiктерi мен өкiлдiктерiнен алынған деректердi уақтылы берсiн.

Премьер-Министр