Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қазақ мемлекеттік
заң институтын құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
1994 ж. 14 наурыздағы № 1591 Жарлығы
ҚР Президентінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 1696 Жарлығымен күші жойылды
Құқық реформасын жүзеге асыру және республиканың заң кадрлары жөніндегі қажетiн қанағаттандыру, заң білімiн дамыту мен оның сапасын арттыру мақсатында қаулы етемiн:
1. Алматы мемлекеттік университетiнiң заң факультетi мен Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетiнiң заң факультетiнiң бiр бөлiгi негiзiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қазақ мемлекеттік заң институты құрылсын.