Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі № 3465 Жарлығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жүйесiн одан
әрi реформалау жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі № 3465 Жарлығы

 

ҚР Президентінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 1696 Жарлығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жүйесiн жетiлдiру, қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында қаулы етемiн:

1. Былай деп:

1) Мемлекеттік тергеу комитетi органдарының жүйесiн Мемлекеттік тергеу комитетi, облыстар, Ақмола мен Алматы қалалары бойынша оның өзiне бағынысты Мемлекеттік тергеу комитетiнiң бөлiмшелерi, сондай-ақ оқу орындары, мекемелерi мен ұйымдары құрайды;

2) Мемлекеттік тергеу комитетi экономикалық, лауазымдық және әскери қылмыстар жөніндегі iстер бойынша анықтау, алдын ала тергеу мен жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырады, ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа, сондай-ақ басқа да аса қауiптi қылмыс көрiнiстерiне қарсы күрес жүргiзедi деп белгiленсiн.

2. Мыналар құрылсын:

1) Iшкi iстер министрлігі мен оның жергiлiктi жерлердегi органдарында заңдар бойынша Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен Мемлекеттік тергеу комитетiнiң тергеуге алуына жатқызылмаған қылмыстар жөніндегі iстер бойынша алдын-ала тергеудi жүзеге асыратын бөлiмшелер, сондай-ақ криминалдық және әкiмшiлiк полициясы;

2) Қорғаныс министрлігінде, Iшкi iстер министрлігінде тиiсiнше Қарулы Күштер мен iшкi әскерлерде құқық тәртібін қамтамасыз ету, сондай-ақ әскери қылмыстар бойынша анықтауды жүзеге асыру үшiн әскери полиция;

3) Әдiлет министрлігі жанындағы - бiрыңғай сараптама қызметi, оған Мемлекеттік тергеу комитетiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қорғаныс министрлігінiң, Мемлекеттік кеден комитетiнiң сарапшылық-криминалистiк бөлiмшелерi берiлiп, анықтау, алдын ала тергеу мен жедел iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдарда маман криминалистердiң қажеттi штатын сақтау көзделсiн;

4) Қаржы министрлігі Салық комитетiнiң Салық полициясы бас басқармасының негiзiнде - Қаржы министрлігінiң заңды тұлға мәртебесiн иеленетiн Салық полициясының департаментi;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.