«Еркін сауда туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы келісімді бекіту туралы» 1997 жылғы 28 қазандағы № 170-1 Қазақстан Республикасының Заңы

«Еркiн сауда туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжiкстан
Республикасының Үкіметі арасындағы келісімдi бекіту туралы»
1997 жылғы 28 қазандағы № 170-1 Қазақстан Республикасының Заңы

 

1995 жылғы 22 қарашада Алматыда қол қойылған Еркiн сауда туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжiкстан Республикасының Үкіметі арасындағы келісім бекітілсiн.

 

     Қазақстан Республикасының

         Президентi

Н. Назарбаев