Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қарашадағы № 1640 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1998 жылғы 2 наурыздағы № 161

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 21 қарашадағы N
1640 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң қаулысы 1998 жылғы 2 наурыздағы № 161

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 21 қарашадағы № 1640 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

     үшiншi тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне төрт вице-министр, оның iшiнде бiр бiрiншi, сондай-ақ он жетi адамнан тұратын алқа ұстауына рұқсат етiлсiн.";

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 21 қарашадағы № 1640 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ережеде:

     49-тармақтың алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"Штат кестесi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген қызметкерлер саны мен еңбекақы төлеу қоры шегiнде бекітіледi".

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi