Қазақстан Халықтарының ассамблеясын құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы № 2066 Жарлығы
ҚР Президентінің 2002 ж. 26 сәуірдегі № 856 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасында қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулық нығайту мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабына сәйкес қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан консультативтiк кеңесшi орган ретiнде Қазақстан Халықтарының ассамблеясы құрылсын.
2. Қазақстан Халықтарының ассамблеясы туралы Ереже (қоса берiлiп отыр) бекітілсiн.
3. Қазақстан Халықтары ассамблеясының бiрiншi сессиясы 1995 жылғы 24 наурызда шақырылсын.
4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қазақстан Халықтары ассамблеясының бiрiншi сессиясын өткiзуге байланысты мәселелердi шешетiн болсын.
5. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Президентi
1. Қазақстан Халықтарының ассамблеясы (бұдан былай - Ассамблея) Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы консультативтiк кеңесшiсi орган болып табылады.
2. Ассамблея өз қызметiн:
- Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Президенттiң актілеріне және осы Ережеге сәйкес;
- мүшелерiнiң тең құқылығы, жариялылық, демократия, Ассамблея мүшелерiнiң оның құрамындағы өздерiнiң қызметi үшiн дербес жауапкершiлiгi принциптерiне сүйенiп;
- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдармен, қоғамдық, оның iшiнде дiни бiрлестiктермен, қоғамдық аумақтық өзiн-өзi басқару органдарымен, сондай-ақ қызметi Ассамблеяның мақсаты мен мiндеттерiне қайшы келмейтiн халықаралық ұйымдармен және басқа мемлекеттердiң өзге де ұйымдарымен тығыз бiрлесiп жүзеге асырады.
3. Ассамблеяның шешiмдерi ұсыныстық сипатта болады.