Петропавл қаласының машина жасау кешенi кәсiпорындарына 1995
жылы берiлген директивтiк несиелер бойынша мiндеттемелердi тоқтату
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы 1998
жылғы 21 сәуірдегі № 371
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгiленген тәртiппен мына: "Петропавл ауыр машина жасау зауыты", "Зиксто", "Атқару тетiктерi зауыты", "Киров атындағы зауыт", "Петропавл электроқшаулау материалдары зауыты" акционерлік қоғамдарының директивтiк несиелердi пайдаланғаны үшiн республикалық бюджеттiң алдындағы сыйақыларды (мүдделердi) өтеу бөлiгiнде 1995 жылғы несиелiк шарттар бойынша мiндеттемелерiн тоқтату туралы мәселенi шешсiн.
2. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi