«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінiң арасындағы жолаушыларды, жүктер мен багажды транзиттiк тасымалдау, Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының автомобиль және темір жол магистральдары арқылы жүруi барысында олардың сақталуы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету туралы келісімдi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 9 сәуірдегі № 313 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етедi:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінiң арасындағы жолаушыларды, жүктер мен багажды транзиттiк тасымалдау, Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының автомобиль және темір жол магистральдары арқылы жүруi барысында олардың сақталуы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету туралы келісімдi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Жоба
Қазақстан Республикасының
Заңы
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінiң арасындағы жолаушыларды,
жүктер мен багажды транзиттiк тасымалдау, Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының
автомобиль және темір жол магистральдары арқылы жүруi барысында олардың сақталуы мен қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету туралы келісімдi бекіту туралы
Қабылданды - ҚР 1998 жылғы 8 мамырдағы № 225-1 Заңын қараңыз
1998 жылғы 27 наурызда Ташкентте қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінiң арасындағы жолаушыларды, жүктер мен багажды транзиттiк тасымалдау, Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының автомобиль және темір жол магистральдары арқылы жүруi барысында олардың сақталуы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету туралы келісім бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi