«Қазақойл» ұлттық мұнай компаниясы» жабық акционерлік қоғамы туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 1998 жылғы 19 науыздағы № 53

"Қазақойл" ұлттық мұнай компаниясы" жабық акционерлік қоғамы
туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 1998
жылғы 19 науыздағы № 53

     1. "Қазақойл" ұлттық мұнай компаниясы" жабық акционерлік қоғамы:

Ақмола қаласында биiктiгi кемiнде 40 қабат Бизнес-Орталық ғимаратын жобалау мен салу жөніндегі тапсырысшы болсын;

Бизнес-Орталық ғимаратының құрылысы аяқталғаннан кейiн олардың аудандарға деген мүдделерiнiң барынша қанағаттандырылатынын есепке ала отырып, отандық және шетел инвесторларын қаржыландыруға кеңiнен тарта отырып Бизнес-Орталықтың үйiн жобалау мен салуды қаржыландырудың көздерiн белгiлесiн;

Ақмола қаласында Бизнес-Орталықтың ғимаратын жобалау мен салу жөніндегі мердiгердi қала құрылысы және сәулет саласындағы танымал отандық және шетел заңды тұлғаларын тарта отырып, конкурс негiзiнде бiр ай мерзiм iшiнде белгiлеп, кейiн тиiстi келісім-шарт жасассын. Конкурсты қорытындылаған кезде негiзгi өлшемдер болып мыналар белгiленсiн: жобаның, құрылыстың құны, салу мерзiмдерi және сәулеттiк-жоспарлау шешiмдерi;

Бизнес-Орталықтың ғимаратын жобалау мен салу бойынша жеңiмпазды анықтау жөніндегі конкурстық комиссияның құрамына Ақмола қаласы әкімінiң өкiлiн енгiзсiн.

2. Ақмола қаласының әкімі:

"Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамына тұрақты жер пайдалану құқығына мемлекеттік актiнi бере отырып, он күн мерзiм iшiнде Бизнес-Орталықтың ғимаратын салуға жер учаскесiн бөлсiн;

инженерлiк коммуникацияларды салу жөніндегі жұмыстарды қаржыландыруға үлестiк қатысу жөнiнде шаралар қабылдасын;

Бизнес-Орталық ғимаратын инженерлiк коммуникациялармен (электр энергиясы, су, канализация, байланыс және басқалары) қамтамасыз ету жөніндегі техникалық шарттарды берсiн;

3. "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамы Ақмола қаласындағы Бизнес-Орталық ғимаратын қоса қаржыландыру мен салуға қатысатын инвесторлармен келісім-шарттар жасассын.

4. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетi Ақмола қаласындағы Бизнес-Орталық ғимаратын қаржыландыру мен салуға қатысатын инвесторлармен заңдарда көзделген жеңiлдiктердi берудi көздейтiн инвестициялық келісім-шарттарды заңдарда белгiленген тәртiппен жасассын.

Премьер-Министрi